Таразда TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан ер адам 30 тәулікке қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталғандай, ер адам қоғамдық орында отырып, TikTok әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шыққан. Эфир барысында балағат сөздер айтып, көрермендерге тіл тигізген.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты заң аясында тиісті шара қабылданды.
Сот қаулысымен ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция әлеуметтік желілерде де қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді. Тікелей эфир жүргізу азаматтарды заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Әрбір желі қолданушысы өз сөзі мен әрекетіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.