Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 40 пайызға төмендеді

/
Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 40 пайызға төмендеді

Елімізде бір абонентке шаққандағы трафикті тұтыну төрт есеге өсті және байланыс бағасының өзгеру қарқынынан озып тұр. Бұл туралы «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының басқарма төрағасы Александр Бабичев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Байланыс сапасының өсуі және трафиктің орташа тұтынуының төрт есе артуы аясында операторлар инфрақұрылымға инвестицияларды ұлғайтуда, соңғы төрт жылда гигабайттың долларлық орташа бағасы 40%-ға төмендеді.

«Елімізде ұялы байланыс ақысының ұзақмерзімді өсуі жаппай тұтыну тауарларына инфляция қарқынынан төмен. Тарифтік жоспарлар бағасының өсуі бар, бірақ ол жалпы Қазақстандағы бағаның өсуінің орташа деңгейінен әлдеқайда төмен. Сондықтан біз операторлар ретінде сапа мен бағаның тепе-теңдігін сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», 

— деді Александр Бабичев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары