1227
Түркістан облысында 7-сынып оқушысы әкесінен жүкті болып қалған
Қазір оқушының жүктілік мерзіміне 27 апта болған.
Түркістан облысында оқушы қыз өз әкесінен жүкті болып қалған. Қыздың анасы полицияға арыз жазды, деп хабарлады turkystan.kz CMN.kz басылымына сілтеме жасап.
Қыздың анасы Қазығұрт аудандық полиция департаментіне арызбен жүгінген. Ол өзінің 50 жастағы күйеуін туған қызын зорлады деп күдіктенетінін айтқан.
Әйелдің айтуынша, оның күйеуі 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Салдарынан қыз жүкті болып қалған. Қазір оқушының жүктілік мерзіміне 27 апта болған.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды.