«VITA» еріктілер ұйымының мәліметінше, 30 сәуір күні 1971 жылы туған қала тұрғыны Владимир Госсен Лермонтов көшесінің бойындағы тұрғын үйден шығып, қайта оралмаған.
«Ерекше белгілері: бойы 175 см, көзі көгілдір, шашы қоңыр, орта денелі. Сол қолында «сапер» деп жазылған татуировкасы бар. Үстінде қара күртеше, күңгірт-сұр джинс, қара кепка, қара кроссовка болған» , – дейді жақындары.
Владимир Николаевич туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарды мына нөмірлер бойынша хабарласуын сұрайды: +7(747)615-55-63 Катерина, +7(777)334-82-01 Светлана немесе 102 қызметі.