Қырғыз Республикасында жүк көлігі 29 баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Оның 18-і ауруханаға жатқызылды, үшеуі ауыр жағдайда.

Қырғыз Республикасында жүк көлігі 29 баланы қағып кетті (ВИДЕО)
сурет: kabar.kg

Қырғыз Республикасының Созақ ауданында балмұздақ таситын жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Kabar.kg.

Балалардың 18-і ауруханаға жатқызылған, 3-еуінің жағдайы ауыр. 9-дан 16 жасқа дейінгі балалар зардап шеккен.

Апат болған жерде 11 балаға медициналық көмек көрсетілді, содан кейін олар амбулаториялық емге жіберілді. Ел полициясының мәліметінше, оқушылар Республикалық байқауда "Манас" эпосын жырлауы керек болған. Дәл осы кезде HYUNDAI Porter шағын жүк көлігі төмен қарай жылжып, киіз үйге соғылған.

Төтенше жағдай кезінде көлік салонында жүргізуші болмаған, қазір тексеріс жүріп жатыр.