Белгісіз адам Астанадағы Оқушылар сарайына есірткінің жарнамасын іліп кеткен

Оқушыларды нашақорлыққа тарту мақсатында ілінген QR код әжетханадан табылды.

Белгісіз адам Астанадағы Оқушылар сарайына есірткінің жарнамасын іліп кеткен
Сурет журналист Серікбол Хасанның парақшасынан алынды

Бұл жайында елордалық журналист Серікбол Хасан дабыл қақты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайына барғанбыз. Мына QR кодты ерлер әжетханасынан түсіріп алдым. Есіктің ішкі жағына жабыстырып кетіпті. QR кодты сканерлеп көріп едім, мына хабарландыру шықты. Meow дегеніне қарағанда закладчиктердің “қолтаңбасы” секілді. Синтетика ашық сатылып жатқан сияқты ма, қалай?», - деп жазды журналист.

Астана қаласының Білім басқармасындағылар аталған жағдайды тексеретіндерін мәлімдеді.

"Сәлеметсіз бе? Сіздің шағымыңыз қабылданды. Мәселені анықтаймыз", - деді жазба авторына жауап берген қалалық Білім басқармасының өкілдері.