Мемлекеттік корпорация eGov пайдаланушыларына үндеу жасады.
"1414 нөмерінен келген хабарлама жалған емес. Бұл хабарлама eGov mobile-да тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілді. EGov mobile мобильді қосымшасы әртүрлі өмірлік жағдайларда, сауалнамалардан өту үшін, сондай-ақ жаңалықтармен бөлісу үшін жеке SMS және push-хабарламаларын жібереді", – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері қазақстандықтарға көрсетілген сілтемеге өтіп, eGov mobile мобильді қосымшасын орнатуға болатынын хабарлады.