Сенсация: Қазақстандық регбишілер Қатар құрамасын жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты

Турнирдің бірінші дивизионының матчы Шри-Ланкада өтті.

Сенсация: Қазақстандық регбишілер Қатар құрамасын жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты
сурет: olympic.kz

Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Қатар құрамасын жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тартысқа толы кездесуде қазақстандықтар 33:31 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы 4 мамырда финалда Үндістан мен Шри-Ланка командалары арасындағы кездесуде жеңіске жеткен құрамаға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, турнирдің бірінші дивизионының (екінші күшті шағын топ) матчы Шри-Ланкада өтті. 

Ең мықты кіші топта 1-22 маусым аралығында Оңтүстік Корея, Малайзия, Гонконг және БАӘ командалары ойнайды.