Шымкентте көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

Оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған.

Шымкентте көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды
polisia.kz

Шымкентте полицейлер екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Тәртіп сақшылары ер адамның Байтұрсынов көшесіндегі жер үсті көпірінен секірейін деп тұрғаны туралы хабарлама алды.

«Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары көпір қоршауынан шығып тұрған азаматты байқады. Полицейлер ер адамды әңгімеге тартып, оны назары ауған сәтте ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды», - делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Оқиға инспекторлардың бейнежетондарына жазылып қалған.

«Күнделікті қызмет барысында біз әртүрлі жағдайларға тап боламыз. Әрқашан азаматтарға қиын сәтте көмек көрсетуге барымызды саламыз. Бақытқа орай, бүгін екі баланың әкесінің өмірін сақтап қалдық», – дейді офицерлер.