Мексика тұрғыны әйгілі Cartier сырғасын мың есе арзан бағаға сатып алған

Cartier мұның қателік екенін мойындап, тапсырысты рәсімдеуден бас тартқан.

Мексика тұрғыны әйгілі Cartier сырғасын мың есе арзан бағаға сатып алған
Фото: Kin Shing Lai/Unsplash

Мексика тұрғыны Рохелио Вильярреаль әйгілі Cartier сырғасын мың есе арзан бағаға сатып алған, деп хабарлайды turkystan.kz Alarabiya News-ке сілтеме жасап.

Ол сайттағы техникалық ақауға байланысты Cartier-дің сырғасы небары 28 долларға сатып алған. Алайда ол бұйымның бағасы – 28 мың доллар.

Алайда Cartier мұның қателік екенін мойындап, тапсырысты рәсімдеуден бас тартқан. Сырғаның орнына Рохелиоға ақшасын қайтарып беруге әрі сый-сияпат ретінде бір бөтелке шампан мен былғарыдан жасалған төлқұжат қабын сыйлауды ұсынған.

Алайда Рохелио бұл ұсыныстан бас тартып, тұтынушылар құқығын қорғайтын агенттік көмегіне жүгінген. Ақырында Cartier сырғаны ол көрсеткен мекенжайға жіберуге мәжбүр болған.