Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді
Спортты дамыту дирекциясы

Ұлттық құрама спортшысы Әйгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Ку Винг Чудан (Қытайдың Гонконгы) басым түсті. Аса тартысты өткен айқастың есебі 15-13.

Айгерім қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда Вероника Василевадан (Аустралия) басым түсті (15-12).

Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жол берді.

Фуджейрадағы бәсекеде тек жеңімпаз ғана жазғы ойындарға барады.