Сарыағашта газ ұрлаған тұрғын 5 жылға сотталды

Сотталушыға пробациялық бақылау белгілей отырып, 5 жылға шартты түрде соттау жазасы тағайындалды.

Сарыағашта газ ұрлаған тұрғын 5 жылға сотталды
elements.envato.com
649

Сарыағаш қаласында «ҚазТрансГаз» мекемесінің газ құбырынан аса ірі мөлшерде көгілдір отын ұрлаған жылыжай иесі сотталды, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл тек Түркістан облысы емес, жалпы Қазақстан бойынша ірі мөлшерде газ ұрлау дерегі болып отыр. Кәсіпкерке Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 2,3-тармағы (Аса ірі мөлшерде мұнай-газ құбырынан газ ұрлау) бойынша іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылды. Оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 5 жылға шартты түрде соттау жазасы тағайындалды.

Сотталушы көгілдір отынды ұрлау дерегі бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесіне келтірілген материалдық шығынды толық төлеген.

Серіктес жаңалықтары