1016
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды
Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" сейсмикалық стансалар желісі 7 ақпанда Астана уақытымен таңғы сағат 8:45-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2 және MPV магнитудасы - 4,7 болды.
Оқиғаның тереңдігі 15 шақырымды құрады, сезілуі туралы дерек жоқ.