808
Дүйсенбіден бастап Атырау оқушылары мектепте оқитын болады
Оқушылар Атырау қаласынан тыс жерде болса, оқуын онлайн-форматта жалғастыра алады.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді.
"Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты, 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн-форматта жалғастыра алады.
Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады.