1287
Журналист Динара Сәтжанның ағасы өмірден өтті
Динара Сәтжан отбасында қайғылы жағдай болғанын айтты.
Қайғылы хабарды белгілі тележүргізуші әлеуметтік желі оқырмандарына өзі мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Рашид ағам өмірден озды… Өте мейрімді, көңілі таза жан еді. Бала кезімде маған үй жинауды үйреткен. Бір күні кешке қарай Жаңаарқада мен, ағам және апам - үшеуіміз "НЛО" көргенбіз. Рас айтамын. Бірақ бізге ешкім сенген жоқ… Түсінемін, бұл өмір. Бірақ бәрібір ауыр…» - деп жазды Динара Сәтжан.
Жазба авторына танымал тұлғалар және әлеуметтік желі қолданушылары көңіл айтып жатыр.