Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз: полиция мәлімдеме жасады

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталған.

Алматы облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз: полиция мәлімдеме жасады
Алматы облысы ПД

Алматы облысының полиция департаменті Күш ауылында жоғалып кеткен 3 жасар қызды біреу өлтіріп кетуі мүмкін екенін мәлім етті.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұсталған.

«Кәмелетке толмаған баланың жоғалып кетуіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – делінген Алматы облысы полиция департаментінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жаубында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында үш жастағы қыз табылмай жатқаны хабарлаған болатынбыз. Бүлдіршін 17 наурызда үйінен шығып кеткен, кейін оны ешкім көрмеген. Қыздың анасы полицияға сол күні кешке хабарласқан. Оның айтуынша, бала сағат 16:00-де үйден шығып кеткен. Өңірлерді жан-жақты тексеру нәтиже бермеген. Күш ауылында көлдің суын бірнеше метрге ағызылатыны айтылды. Ол жоғалған қыздың үйінің дәл жанында орналасқан.