«Екі жылда бес рет табалдырық аттаған»: Тұрмысқа шығуды «кәсіпке» айналдырған қыз елді шулатты

Әсел есімді арудың оқиғасы жұртты шошытты.

«Екі жылда бес рет табалдырық аттаған»: Тұрмысқа шығуды «кәсіпке» айналдырған қыз елді шулатты
Сурет: aikyn.kz

Бірнеше ене “Көреміз” бағдарламасына келіп, көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Себебі экс-келіндері қалыңмал алған соң, тайып тұрған, деп хабарлады turkystan.kz порталы el.kz сайтына сілтеме жасап.

Бағдарламаға бойжеткеннен «зардап шеккен» бірнеше адам келіп, мән-жайды айтып берді. Райхан Жұманова есімді кісі келіннің құтты болмағанын айтады.

Енесі - менің әпкем.  Жиенім оның алаяқ екенін білмепті. Екеуі екі айдай сөйлесіп, үйленетін болып шешті. Тойды да белгіледік. Бірақ, сол екі ортада бір кісілер хабарласып, қыздың алаяқ екенін мәлімдеді. Ол кезде қалыңмалын беріп қойған едік, - дейді ол.

Осыдан кейін полицияға хабарласып, бөлімшеде барлық мән-жайды біледі. Сөйтсе, Әсел бұған дейін төрт босаға аттаған. Келін болып түскен әр үйде бар болғаны бір жарым айдай тұрған.

Әселдің өзі мен анасы студияға қонақ болып келуі керек еді. Алайда денсаулығы сыр беріп, келе алмаған.