Танымал қазақстандық боксшы ұлды болды

Оның жақындары спортшыны сәбилі болуымен құттықтап, желіде фотосуреттер жариялаған.

Танымал қазақстандық боксшы ұлды болды
sports.kz

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов ұлды болды. Бұл туралы спортшының әлеуметтік желіде жарияланымдарында мәлім болып отыр.

Оның жақындары спортшыны сәбилі болуымен құттықтап, желіде фотосуреттер жариялаған.

Асланбек Шымбергенов наурыз айында Италияда өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. 71 келіде өнер көрсететін боксшы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде топ жарып, күзде Қытайда өткен Азия Ойындарында қола жүлдегер атанған еді. Сондай-ақ, ол Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында 69 келіде өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

Биыл шілде айының соңына таман Парижде өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында ол ел намысын қорғайды.