1078
Республикалық маңызы бар 8 жол учаскесі жабылды
Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО облыстарында республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолы шектелді.
QazAvtoJol- дың мәліметінше, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан СҚО мен Қостанай облыстарында 4 автожолда жалпы ұзындығы 4300 метр болатын су тасқыны болған.
Салдарынан 4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жоында (ұзындығы 463 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 306 бірлік техника мен 411 адам жұмылдырылған.