764
«Әкім жиналысына кеткен»: БҚО-да ер адам 3 күннен бері табылмай жатыр
Бірге болған адамдар оның қайда кеткенін білмейтінін жеткізген.
Батыс Қазақстан облысында үш күннен бері із-түссіз кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Александр Бекмачев 19 сәуірде сағат 17:00-де Бәйтерек ауданының Жаңатан ауылындағы үйінен «әкім жиналысына қатысамын» деп шығып кеткен. Одан кейін табиғат аясында демалуға барып, көрші Щапово ауылында болған.
Үстінде сұр-көк түсті спорттық костюм мен спорттық аяқ киім болған. Әпкесінің айтуынша, бауырымен бірге болған адамдар оның қайда кеткенін білмейтінін жеткізген.
Қазіргі уақытта оны полиция қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жастағы ер адамды іздестіріп жатыр.