Ақтөбеде дәрігерді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Әйел адамның пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылды

Ақтөбеде дәрігерді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Depositphotos.com / BrianAJackson

Ақтөбе қаласында ер адам таныс әйелін өлтірді. Күдікті полицияға қарсылық көрсетіп, жаралап, көлікпен қашып кеткен жерінен ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Kazinform.kz сайтының мәліметінше, оқиға түнде болды. Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде пышақ жарақатын алған әйелдің денесі табылды.

«Әйел адамның пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар мәйіті табылды. Ұстау кезінде күдікті қарсылық көрсетіп, полиция қызметкерін жарақаттап, оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікті соғып, Ақтөбе-Болгарка жолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, қаза болған әйел – дәрігер. Ол еңбек демалысында болған.