Қазақстандық бессайысшылар Түркияда чемпион атанды

Аталған сында Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.

Қазақстандық бессайысшылар Түркияда чемпион атанды
Olympic.kz

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Біздің спортшылар аралас эстафетада бірінші орын иеленген. 

Аталған сында Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады. 

Қазақстандық бессайысшылар 1327 ұпай жинады. 

Екінші орында Египет, үшінші орында Италия құрамасы орналасқан.