Париж-2024: Әлімхан Сыздықов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Бұл — Қазақстан қоржынына түскен 46-шы жолдама.

Париж-2024: Әлімхан Сыздықов Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
olympic

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, күрес түрлерінен лицензиялық турнирдің шешуші күнінде Азия чемпионы аса ауыр 130 келідегі Әлімхан Сыздықов жартылай финалда тәжірибелі Қырғызстан балуаны, Азия чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Роман Кимді жеңіп, Праиж олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Бұл — Қазақстан қоржынына түскен 46-шы жолдама.