772
«Мұғалімдер гуманитарлық көмекті ұрлауда»: кінәлі әйел жауапқа тартылды
Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады
Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
WhatsApр чаттарда 27 жастағы азаматтың "мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда" деген дауыстық хабарламасы тараған.
Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды.
Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.