946
Ақтау қаласында 18 жастағы қыз бесінші қабаттан құлап кетті
Полиция департаменті өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады
Ақтауда 18 жастағы қыз тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға 16 сәуірде, дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні 4-шағынауданда болған. Қайғылы оқиға кезінде жәбірленушінің жанында екі досы болған. Құлағаннан кейін қыз біраз уақыт шок күйде болған, тіпті тұруға тырысқан. Ол жедел жәрдем дәрігерлерінің көмегінен бас тартты. Алайда дәрігерлер бірден ауыр жарақатты анықтап, жәбірленушіні ауруханаға жеткізгені айтылды.
Полиция департаменті өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.