1102
30 жыл отасқан: Түркістан облысында әйел күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Оқиға 12 сәуір күні болған.
Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 49 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға 12 сәуір күні болған. Сайрам аудандық соты «Адам өлтіру» бабымен іс қозғап, күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді.
Күдікті мен марқұмның кәмелет жасына толған ортақ 4 баласы бар. Олардың үлкені әкесі ішімдік ішіп, анасын көп ұратынын, талай рет үйден қашып, далада қонғанын айтты.
Ауылдық учаскелік полицейі марқұмның ішімдік ішкенін, отбасылық жанжал мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан күдікті 2019 жылы «полиция қамқорлығына алынғанын» айтады.
Дегенмен 2023 жылдан бері әйелі күйеуінің үстінен қандай да бір шағым түсірмеген.