«Балалы болудан қорқамын»: Салтанат пен құрбысының диалогы сотта оқылды

Аида Ахмединаның айтуынша, Салтанат Нүкенова Whatsapp желісінде Бишімбаев оған ұйқы бермейтінін айтып шағымданған.

«Балалы болудан қорқамын»: Салтанат пен құрбысының диалогы сотта оқылды
jogargy_sot
716

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты іске Салтанат Нүкенованың құрбысы екінші рет куәлік етуге келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Аида Ахмединаның айтуынша, Салтанат Нүкенова Whatsapp желісінде Бишімбаев оған ұйқы бермейтінін айтып шағымданған.

Салтанат Нүкенова: Түнімен ұйықтамаймын, себебі ол маған ұйқы бермейді.

Аида Ахмедина: Сонда сен ұйықтап жатқанда, жаныңда жүре ме?

Салтанат Нүкенова: Ол сөйлейді, ашуланып, айқайлайды. «Сонда саған бәрібір екен ғой» деп тергейді. Бір жағынан оған жаным ашиды, өйткені ол жарақат алған және ауырады.

Аида Ахмедина: Ол бұған лайық емес.

Салтанат Нүкенова: Мүмкін, мұндай болғанына кінәлі емес. Мен бірақ, өзім үшін қорқамын. Некемізді заңды түрде тіркеуден, балалы болудан қорқамын. Қазір одан басқа ешкіммен араласып жүрген жоқпын.

Серіктес жаңалықтары