Wildberries-те автокөлік сатыла бастайды

Сатып алу-сату шарты машинаны бермес бұрын жасалады.

Wildberries-те автокөлік сатыла бастайды
коллаж: turkystan.kz

Енді Wildberries-те автокөлік сатыла бастайды. Бұл туралы rbc.ru компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Wildberries-те Chery автокөліктері 18 сәуірден бастап сатыла бастайды. Тапсырысты 100 пайыз алдын-ала төлем арқылы рәсімдеуге болады, ресми дилер көлікті қайда жеткізу керек екенін клиентпен келіседі, сатып алу-сату шарты машинаны бермес бұрын жасалады.

Осылайша, маркетплейсте сатып алуға болатын алғашқы машина қытайлық Chery маркалы автокөліктер болады. Компания алдымен тек Ресей аумағында қолжетімді бұл мүмкіндік кейіннен кеңейетінін айтады.