VI Мұхаммед патшаның Франциядағы сарайы 425 миллион еуроға сатылады

Сатуға жауапты жылжымайтын мүлік агенті Игнас Мевиссен Paris Match басылымына бұл қазір Франциядағы ең қымбат жылжымайтын мүлік екенін айтты.

VI Мұхаммед патшаның Франциядағы сарайы 425 миллион еуроға сатылады
сурет: thetimes.co.uk

Марокко патшасы VI Мұхаммедке тиесілі болған, Де Ротшильдтер отбасы салған сарайы 425 миллион еуроға сатылады, деп хабарлайды The Times.

1884 жылы Грац Арменвилье коммунасында салынған бұл 2 500 шаршы метрлік зәулім үйді 1990 жылдары II Хасан патша сатып алып, жөндеуден өткізген.

Мишель Пинсо жүргізген өзгерістердің арқасында ол нағыз архитектуралық қазынаға айналды.

Сарайдың 100-ден астам бөлмесі бар, оған шаштараз, үш лифт, бес сұлулық салоны, хаммам, стоматологиялық кабинет, дәріхана мен зертхана, асханалар, қабылдау бөлмелері, аңшылық бөлмелер, 17 жатын бөлме және қысқы бақ кіреді. Сарай аумағында атқоралар, жертөлелер және көлік туннелі де бар. 

Сатуға жауапты жылжымайтын мүлік агенті Игнас Мевиссен Paris Match басылымына бұл қазір Франциядағы ең қымбат жылжымайтын мүлік екенін айтты.