Екібастұздағы жаппай улану: Полицейлер іс қозғады

Абайсызда адамдардың улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Екібастұздағы жаппай улану: Полицейлер іс қозғады
NUR.KZ / Владимир Третьяков

Екібастұздық полицейлер мейрамханадағы жаппай улану фактісін тергейді, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, процессуалдық шешім сараптама нәтижелері шыққаннан кейін қабылданады.

Абайсызда адамдардың улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Екібастұз санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына себептер мен жағдайларды анықтау үшін тексеру жүргізу тапсырылды. 

Еске сала кетейік, 14 сәуірде Екібастұз қаласы аурухананың инфекциялық бөлімшесіне тамақтан улану және бактериялық ішек инфекциясы белгілері бар науқастар жаппай жүгінді. Отыздан астам адам құсу, әлсіздік, іштің ауыруы, дене температурасының жоғарылауы сияқты белгілермен дәрігерлерге қаралған.