Атырауда 90 мың долларды заңсыз алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Атырауда 90 мың долларды заңсыз алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды
Мемлекеттік кірістер комитеті
545

Шетел азаматының 90 мың АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақпанда «Атырау-Кутаиси» бағытындағы халықаралық әуе рейсіне өту барысында Грузия азаматынан 100 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша анықталған.

Оның қол жүгінде 10 мың АҚШ доллары, жол жүгінде 90 мың АҚШ доллары мөлшерінде жасырылған қаражат болған.

«Жасырынған ақша заң бұзушының жол жүгінде Атырау облыстық «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау жүргізу барысында анықталды. Бақылау шаралары Атырау облысы бойынша Шекара қызметі және Экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген», - делінген хабарламада.

Заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Күшіне енген сот шешіміне сәйкес, 90 мың АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленді, қалған 10 мың АҚШ доллары Грузия азаматына қайтарылды. Сондай-ақ, одан 40 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілген.

 

Серіктес жаңалықтары