541
Қорғаныс министрлігінен СҚО-ға 700-ге жуық әскери қызметші жіберілді
Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тыл техникасы бөлінді
Қарулы күштердің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Ержан Ибраев Республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында атап өткендей, негізгі күш-жігер бөгеттер мен үйінділерді нығайту, құм салынған қаптарды дайындау, ІІМ және ТЖМ бірлесіп халықты эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды орындауға бағытталған.
ҚМ 700 адам және 33 техника саны бар жеке құрамның күштері мен құралдарын жіберді. Сондай-ақ, су басқан елді мекендер мен үйлерді күзету бойынша іс-шараларды орындаймыз. Петропавл қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тыл техникасы бөлінді, - деді полковник.