Құлсарыдан бір адамның мәйіті табылды

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды

Құлсарыдан бір адамның мәйіті табылды
Премьер-министрдің ресми сайты
691

Тасқын су басқан Құлсарыда әкесі мен баласы жоғалып кеткен еді. Бүгін әкесінің мүрдесі табылды, деп жазады turkystan.kz Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, 14 сәуірде таңғы сағат 09:00 шамасында табылған.

Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесі мен баласы бірге жоғалып кеткен еді. Әкесі 1976 жылғы, ал бала 2000 жылы туған. Олар рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған. Алайда, олар эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол күннен бері жоғалып кеткен әкесі мен баласы іздестірілді, - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары