Алаяқтар Қарағанды облысы әкімінің атын жамылып, елден ақша сұрап жатыр

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тарағалған хабарламаға қатысты түсініктеме берді.

Алаяқтар Қарағанды облысы әкімінің атын жамылып, елден ақша сұрап жатыр
Pixabay
764

Ел арасында алаяқтар Қарағанды облысы әкімінің атынан жалған хабарлама таратып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың жалған аккаунты пайда болды. Бұл аккаунттан қаржылық көмек сұраған хабарлама таратылуда.

«Бұл жалған аккаунт, ұсынылған сілтемелер бойынша өтпеңіздер және ешкімге ақша аудармаңыздар», - делінген stopfake.kz сайтының хабарламасында.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тарағалған хабарламаға қатысты түсініктеме берді.

«WhatsApp мессенджерінде Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың атынан ақша сұраған хабарлама тарады. Бұл фейк. Бұл интернет-алаяқтардың ісі. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер», – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары