Еуропалықтар қайтадан бензинге көшіп жатыр ма?

Ақпанда Еуропа парламенті 2035 жылдан бастап бензин және дизельмен жүретін автомобильдерді сатуға тыйым салатын жаңа заңды мақұлдауға дауыс берген болатын.

Еуропалықтар қайтадан бензинге көшіп жатыр ма?
сурет: salecinask.live

Жаңа ереже ЕО-дағы климаттың өзгеруіне қарсы шараның бірі – электромобильдерге көшуді тезету үшін енгізілетіні айтылған еді. Осыған қарамастан, 2024 жылғы бірінші тоқсанда Еуропадағы электромобиль сатылымы төмендеген, өйткені бұл секторда әлі де шығын көп және қуаттау инфрақұрылымының болмауы сияқты мәселелер бар, бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форум мәлімдеді. 

"Жақында жарияланған Ernst & Young есебі реттеудің, субсидиялардың және ынталандырудың тұтынуды ынталандыруға оң әсері тиіп жатқанын көрсетеді. Бірақ субсидия болса да, бағаның қымбат болуы әлі де жаппай нарыққа енуге ең үлкен кедергінің бірі болып отыр. Орташа алғанда, уақыт өте келе олардың құны төмендейді – бұл туралы EY атап өткендей, көпшілік біле бермейді", – деп жазылған Дүниежүзілік экономикалық форумның есебінде.

Дүниежүзілік экономикалық форум, сонымен қатар зарядтау инфрақұрылымының артта қалуы нарыққа әсер ететінін айтып өтті.

"Ernst & Young үйде қуаттай алмайтындарға немесе ұзақ сапарларда қайта қуаттауды қажет ететіндерге қызмет көрсететін жылдам қуаттайтын үлкен қоғамдық желілер болмаса, жұмыс тоқтап қалады деп болжайды. Бұл бюрократиялық әуре-сарсаңды жоюды, жергілікті биліктен тезірек рұқсат алуды және қолжетімді коммуналдық желілерге қосылуды талап етеді, дейді EY", - деп айтылған хабарламада.