Атырауда жоғалған ер адам дронның көмегімен табылды

49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

Атырауда жоғалған ер адам дронның көмегімен табылды
Сурет: seccom.ru

Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

 

«Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Бүгін таңертең полиция қызметкерлері ер адамды Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқыны салдарынан пайда болған аралдан дронның көмегімен тапты», - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Қазіргі сәтте ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.