Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

Финалда Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақтағы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен белдеседі.

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты
olympic.kz

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта финалға шықты, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ризабек жартылай финалда үндістандық балуанды 13:0 есебімен жеңді.  Осылайша, Ризабек қатарынан екінші рет құрлық додасының финалына жолдама алып отыр.

Финалда Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақтағы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен белдеседі. 

Екі балуан Түркиядағы халықаралық турнирде кездесіп, Тажудинов жеңіске жеткен болатын. 

57 келідегі Мейрамбек Қартбай жартылай финалда жапон балуанына есе жіберіп, қола медальға күресу мүмкіндігін алды.