"Яндекс" компаниясы виртуалды көмекші "Алисаның" жаңа буынынтаныстырды, деп хабарлайды ресейлік habr.com порталы.
Тұсаукесер кезінде компания өкілдері "Алисаның" қазіргі қолданыстағы нұсқасы қойылған сұрақтардың тек 60%-на дұрыс жауап беретінін айтты. Ал жаңа буыны сұрақтардың 95% жауап береді екен. Бұл yandexgpt нейрондық желісіне көшу арқылы мүмкін болған.
Әзірлеушілер нейрондық галлюцинациялардың санын едәуір азайтып, диалогты қызықты еткенін айтты.
