Су тасқынына байланысты 15 автожол жабылды

Қазір республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмыс істеп жатыр

Су тасқынына байланысты 15 автожол жабылды
qazaly.kz

Республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.

"6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, СҚО) республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолында (ұзындығы 731 км) қозғалысқа шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.

2024 жылғы 9 сәуірдегі сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан (Атырау, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3730 метр жолды су басқан.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмыс істеп жатыр.