"Музыкада жасанды интеллектті қолдануға қарсымыз": 200 ден астам музыкант петицияға қол қойды

Олар бұл музыканттардың құқығын бұзады және олардың еңбегін құнсыздандырады деп есептейді.

"Музыкада жасанды интеллектті қолдануға қарсымыз": 200 ден астам музыкант петицияға қол қойды
сурет: thebabelflute.com

Билли Эйлиш, Ники Минаж, Стиви Уондер, Джон бон Джови және басқа да танымал өнер жұлдыздары бастаған 200-ден астам өнерпаз ЖИ-ді музыка жазуға, өңдеуге қолдануды тоқтатуға шақырған ашық хатқа қол қойды.

Олар бұл музыканттардың құқығын бұзады және олардың еңбегін құнсыздандырады деп есептейтінін жазды Variety.

Ашық хат Artist Rights Alliance коммерциялық емес ұйымының атынан жарияланған.