Жүйесіз жұмыс денсаулыққа зиян тигізеді және күйзеліске ұшыратады – зерттеу

22 мен 50 жас аралығындағы 7 000 адамды зерттеген олар 50 жасқа қарай тұрақсыз режимде жұмыс істейтін адамдардың денсаулығында бірқатар мәселе туындайтынын анықтаған.

Жүйесіз жұмыс денсаулыққа зиян тигізеді және күйзеліске ұшыратады – зерттеу
сурет: kayo-m.ru

Жүйесіз жұмыс денсаулыққа зиян тигізеді және күйзеліске ұшыратады және таңертеңгі ауысым түнгі ауысымға қарағанда жақсырақ. Plos One ғылыми журналында жарияланған зерттеуде тұрақсыз жұмыс кестесі денсаулыққа теріс әсер ететіні жазылған.

Зерттеуде "стандартты" жұмыс кестесі деп таңғы сағат 6-да немесе одан кейін басталып, кешкі сағат 18.00-де аяқталатын режим айтылады. Ал тұрақты жұмыс кестесі ретінде түстен кейін басталатын жұмыс немесе түнгі кезекшілік қарастырылыпты.

22 мен 50 жас аралығындағы 7 000 адамды зерттеген олар 50 жасқа қарай тұрақсыз режимде жұмыс істейтін адамдардың денсаулығында бірқатар мәселе туындайтынын анықтаған.