Бишімбаев ісі: Мемлекеттік айыптаушының атынан жалған парақша ашылған

Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша анықталды

Бишімбаев ісі: Мемлекеттік айыптаушының атынан жалған парақша ашылған
pinterest

Бишімбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған парақшасындағы жазылушылардың саны 15 мыңнан асты. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде «aijan.aimaganova» атты парақша анықталды (парақша 15 000 мыңнан астам жазылушы жинады).

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

«Сондай-ақ, парақшада келесі жазба жарияланған «Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!», - делінген жазбада.

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.