Ұлттық музейге – 10 жыл
Көрме экспозициясы ҚР Ұлттық музейінің қорларынан жинақталған. Көрме кураторы – Ольга Батурина (Art Society), өнертану профессоры, спикер. Мерейтойлық көрме қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің ең жарқын бейнелерін ұсынады. Көрмеге көркемсурет туындылары, гобелендермен қатар дәстүрлі қолөнер, зергерлік және тоқымашылық өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар қойылады.
2024 жылғы 5 cәуір күні Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығына орай Ұлттық музейде «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Сағат 15:00-де БАҚ өкілдері үшін баспасөз туры ұйымдастырылады.
Сағат 16:00-де көрменің ресми ашылуы өтеді.
Көрме экспозициясы ҚР Ұлттық музейінің қорларынан жинақталған. Көрме кураторы – Ольга Батурина (Art Society), өнертану профессоры, спикер.
Мерейтойлық көрме қазақ ұлттық бейнелеу өнерінің ең жарқын бейнелерін ұсынады. Көрмеге көркемсурет туындылары, гобелендермен қатар дәстүрлі қолөнер, зергерлік және тоқымашылық өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар қойылады.
Көрмеде Қазақстанның аса көрнекті және танымал өнер шеберлерінің ең керемет, аңызға айналған жұмыстары, сондай-ақ жас және талантты авторлардың заманауи туындылары ұсынылады. Көрмеге келген қонақтар барлығы 50 автордың 250 туындысымен таныса алады. Көрмеге Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайлов, Орал Таңсықбаев, Салихитдин Айтбаев, Үкі Әжиев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайрус Ысмайлова, Камил Муллашев және басқа да көптеген суретшінің жұмыстары қойылған.
Көрменің тұжырымдамасына сәйкес, көрме кеңістігі «Қазақ кескіндемесіндегі тарихи сюжеттер», «Табиғат бейнелері – алуан түрлі пейзаждық мотивтер», «Қазақстан өнеріндегі суретші әйелдер», «Қазіргі заманғы өнер – жаңа есімдер» сияқты тақырыптық аймақтарға бөлінген.
Көрмеде белгілі режиссер Бақыт Қайырбековтың «Су жолы» деректі фильмі көрсетіледі. Фильмде Қазақстан табиғатының бейнелері қобыз, домбыра музыкасымен сүйемелденіп, режиссердің өзінің шығарған өлеңдері оқылады.
Art Society – өнер саласындағы білім беру, медиа және маркетинг бағыттары бойынша жұмыс істейтін қазақстандық жоба. 2020 жылдан бастап Алматы мен Астана қалаларында өнер саласындағы жобалармен айналысады. Болашақта Art Society ұжымы өз қызметін бүкіл Қазақстан аумағы бойынша кеңейтуді жоспарлап отыр.