Теңге нығайды

Наурыз айының қорытындысы бойынша теңге 0,9%-ға нығайды.

Теңге нығайды
сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков
922

Наурыз айының қорытындысы бойынша теңге 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңге болды. Бұл мәлімет Ұлттық Банктің ресми сайтында жарияланды.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін наурызда 748 млн АҚШ долларына валюта сатылған. Ұлттық қордан сату үлесі - жалпы сауда-саттық көлемінің 19%-ы.

Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операция жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді. Бұл тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк наурызда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, - деп мәлімдеді Ұлттық Банк.

Серіктес жаңалықтары