624
Өскеменде мұғалім жалақысын арттыру үшін жалған құжат жасаған
Алайда бұнысы әшкере болып, ісі сотқа жетті.
Өскеменде «педагог-модератор» санатын алғаны туралы жалған құжат жасаған мұғалім сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел «мұғалім-модератор» біліктілік санатын аяқтағаны туралы жалған сертификат жасаған. Содан соң жалақысын көтерту үшін құжатты оқу орнының директорына ұсынған. Алайда бұнысы әшкере болып, ісі сотқа жетті.
«Сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігіне (Көрінеу жалған құжат пайдалану) кінәлі деп таныды. Кінәсін мойындап, істегеніне шын жүректен өкінуі және бұрын сотты болмауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Айыпталушыға 73 840 теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.