Мүмкіндігі шектеулі таксисті алдап, ақшасын төлемей кеткен жолаушы ұсталды

Интернетте елорда тұрғыны жариялаған видео кең тарады.

Мүмкіндігі шектеулі таксисті алдап, ақшасын төлемей кеткен жолаушы ұсталды
kapital.kz
735

Полиция такси жүргізушісіне жол ақысын төлемеген жолаушыны анықтады, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Интернетте елорда тұрғыны жариялаған видео кең тарады.

Ол бейтаныс жігіттің әкесін алдағанын, бизнес-такси қызметіне тапсырыс беріп, қаланы аралағаннан кейін ақшасын төлемей кеткенін баяндаған.

Полиция көп ұзамай жолаушыны анықтады. Ол келтірілген залалды толығымен өтеп, кешірім сұрады. Жәбірленуші тарап арыздан бас тартты.

22 жастағы жолаушының бұрын да алаяқтық жасағаны белгілі болды. Такси жүргізушісі тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

 

Серіктес жаңалықтары