АҚШ-та робот пен адамның қарулы қақтығысы болды

Роско атты полициның робот иті қылмыскер жасырынған үйге тапсырмамен барған.

АҚШ-та робот пен адамның қарулы қақтығысы болды
сурет: apnews.com / Massachusetts State Police via AP

АҚШ-та робот пен адамның қарулы қақтығысы болды, деп жазды apnews.com.

Роско атты полициның робот иті қылмыскер жасырынған үйге тапсырмамен барған. Ол ғимаратты аралап, жертөледен бір адамды тапқан. Ол итке оқ жаудырып, жасырынуға тырысқанымен, ақырында ұсталған.  

Робот итке 3 жерден оқ тиген.

Массачусетс штатының полициясы робот итке қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектескені үшін алғыс айтады.

Біздің робот жалғыз құрбан болғанына қуаныштымыз, бұл техниканы өмірді құтқару үшін қалай қолдануға болатынының тамаша мысалы.
- деп мәлімдеді Boston Dynamics.