Қазақстандық оқушы Тунис елінде өткен конкурста гран-при жеңіп алды
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
22-28 наурыз күндері Тунис мемлекеті Махдия қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ғылым және өнертабыстар конкурсында 8-сынып оқушысы Куттыгалиева Адия үздік ондыққатарында еніп, Гран При иеленді.
Махдия қаласында оқушылар арасындағы өткен конкурс «THE INTERNATIONAL FESTIVAL OF ENGINEERING SCIENCE AND TECHNOLOGY IN TUNISIA (I-FEST - 2024)» тақырыбында болды.
Байқауға әлемнің 50 мемлекеті қатысты. Қазақстанның атынан Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №176 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Куттыгалиева Адия «Тик-ток клиптық ойлау жүйесінің жасөспірім балаларға кері әсері»атты тақырыпта ғылыми жобасын қорғаған.
Сондай-ақ, Адия әлемнің 50 елінен қатысқан жас өнертапқыштар арасында үздік 10 конкурсанттың қатарында қосылып, көк туымызды желбіретіп, ел абыройын асқақтатып қайтты.
Мектеп ұжымы мен Алматы қаласындағы «Дарын орталығы» жеңімпаз қызды әуежайда ән-күймен, плакат ұстап салтанатты түрде қарсы алмақшы.