788
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қытайға барады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады.
Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сондай-ақ ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.