Мәскеуде теракт жасаған лаңкестер ұсталды

Қаза тапқандар саны 93-ке жетті, әлі де артуы мүмкін

Мәскеуде теракт жасаған лаңкестер ұсталды
BAZA

Мәскеуде ойран салған 11 лаңкес ұсталды. Оның ішінде 4 адамның "Крокус Ситидегі" оқиғаға тікелей қатысы бар, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі хабарлады.

Лаңкестер тура кешегі фото дәлелдегі ақ түсті Renault көлігімен Брянск облысында ұсталған.

Тергеу комитетінің мәліметінше, қаза тапқандар саны 93-ке жетті, әлі де артуы мүмкін.